Жергілікті бюджеттің қалыптасуы – халықтың бақылауында

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында қойылған міндеттер қатарында бюджетаралық қатынастар жүйесін реформалау талабы қойылған. Еліміздің бюджеті екі негізгі мақсатқа бағытталып, экономиканы дамыту жəне əлеуметтік мəселелерді шешу бағытында жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыруға баса назар аударылып отыр.

Президент халықты қолжетімді баспанамен, əсіресе əлеуметтік жағынан осал топтарды қамтамасыз ету қажеттігін айтқан болатын.

Бюджетаралық қатынастардың ағымдағы жүйесі барлық деңгейдегі əкімдіктердің жергілікті бюджетін қамтып отыр. Шағын жəне орта бизнестің өзіндік даму базасын құруды ынталандыру арқылы елді мекендерге қосымша табыс көздері түсуде.

Жергілікті бюджет — бұдан былай қарай мемлекеттегі əкімшілікаумақтық бөліктердің өз əлеуметтік-экономикалық бағдарламасын қаржыландырмақ. Оған жергілікті салықтан түсетін түсімдер, одан төленетін шығындар, мемлекеттік бюджеттен берілетін субсидия ескеріле отырып жасалғандықтан жергілікті бюджетті жергілікті маслихаттар бекітеді. Жергілікті бюджет шоғырланған ақшалай қаржылар ретінде жергілікті əлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.

Аудандық, қалалық жəне ауылдық билік деңгейлері жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуде экономикалық жағынан неғұрлым дербес болуға тиіс. Сондықтан Президент көтерген мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты əлеуметтік қорғау жəне экономиканы дамыту мəселелерінің қайнар көзі – жергілікті бюджеттің қалыптасуы халықтың бақылауында болмақ.

Ернар Дарибаев,

Осакаров ауданының қазынашылық басқармасының басшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған