Жеңіс Қасымбек: «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алумен жағдайдан жағдай болғанда ғана емес, үнемі айналысу керек»

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды күшейтуді және кешендік бағдарламаны әзірлеуді талап етті. Өңір басшысы дағдарыс орталықтарын көбірек ашу қажет деп санайды. Әйелдер мен балаларды отбасылық жанжалқойдан және қылмыстық озбырлықтан қорғау үшін жүйелік шаралар қажет.

Осы мәселенің күрделі жақтары Zoom платформасындағы отырыста талқыланды.

Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллиннің ақпараты бойынша ұзаққа созылған карантин кезеңінде адамдар ұзақ уақыт оқшаулауда табылады. Бұл күйзеліс тудырады және озбырлыққа итермелейді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне сонымен бірге ішімдікті шамадан тыс қолдану да әкеледі, деп ведомство басшысы атап өтті.

Өмірдегі қиын жағдайда қалған адамдар үшін дағдарыс орталықтары ашылған. Бүгінде облыста олардын саны 10-ға жетті.

– Халықты әлеуметтік қорғау саласында әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес сектормен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. 2017 жылдан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі адамдарды сату құрбандарына арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қаражаттар бөледі, – деп мәлімдеді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асем Джунуспекова.

Ол осы жылы екі қоғамдық бірлестік – «Қайсар» және «Қайырымдылық әлемі» қорымен шарттар жасалғанын мәлімдеді.

Қарағандыдағы дағдарыс орталықтарының жұмысын жаңғырту мәселесі шешілді. Қала бюджетінен қаражаттар бөлінді. Қазіргі уақытта байқау ресімдері өткізілуде.

– Дағдарыс орталықтары әрбір қалада және ауданда болуы тиіс. Олардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету қажет. Талдау жасауды және үш жылдық кезеңді қаржыландырумен анықтауды тапсырамын. Бұл соншалықты үлкен сома емес! – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. – Балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Алдын алу шаралары қажет. Күштерді шоғырландыру керек барлық проблемалы учаскелерді білеміз ғой. Жұмыссыз жүрген жастардың, жасөспірімдердің немен көңілдерін аулау керектігіне нақты ұсыныстар беріңдер.

Облыс әкімі ата-аналармен онлайн-жұмыстарды ұйымдастыруды да тапсырды. Педофилия үшін жазасын өтеген бостандығынан айыру босағандарды бақылауды күшейтуді талап етті.

– Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жүйелік болуы тиіс. Мұнымен жағдайдан жағдай болғанда ғана емес, үнемі айналысу керек! – деп мәлімдеді Жеңіс Қасымбек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған