Жеңіс Қасымбек әкімдерді сынға алып, мәселелерден бас тартпай, шешуді талап етті

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі парақшалары кері байланыстың нақты арнасы болуын талап етті. Аймақ басшысы адамдар өз өтініштері мен шағымдарына қатысты нақты шешімдердің орнына, көзбояушылық ретінде жазылатып жауапхаттар алатынына наразылығын білдірді.

– Адамдар жазады, бірақ реакция жоқ! Мысалы, тұрғындар аурухана жанындағы ашық құдыққа шағымданды. Олар бұл жағдай туралы бірнеше рет хабарлады, алайда дай ғана жауапхаттар алған. Қарапайым мәселе үш айдан кейін – облыс әкімдігіне шағым түскеннен кейін ғана шешілді, – деді Жеңіс Қасымбек онлайн режиміндегі аппараттық кеңесте. – Осындай іс-әрекеттер халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын жоққа шығарады. Сіздерден әрбір өтініш тыңдалуын талап етемін.

Өңір басшысы әлеуметтік желілер кері байланыстың тиімді арнасы болуы тиіс екенін атап өтті.

– Адамдар бюрократиялық тосқауылдарды айналып өтіп, сіздерге тікелей жүгіне алуы үшін сіздер әлеуметтік желілерге шыққандарыңызды еске салғым келеді. Кез келген өтінішке жауап беріңіздер. Егер өздеріңіз шеше алмасаңыздар, көмек сұраңыздар, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған