Жеңіс Қасымбек: «Біздің міндетіміз – ауылда өмір сүруге қолайлы жəне сапалы жағдай жасау»

Қарағанды облысы халқының бестен бір бөлігі ауылдық жерде тұрады. Есеп беру кезінде Қарағанды облысының əкімі Жеңіс Қасымбек мемлекет тарапынан фермерлерге қандай қолдау көрсетілетіні жəне аграрлық секторда қандай жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отырғанын айтты.

– Біздің міндетіміз – ауыл тұрғындары үшін қолайлы жəне сапалы өмір сүру жағдайын жасау, – деп атап өтті өңір басшысы.

Ол өткен жылы қолайсыз ауа райына қарамастан облыста жақсы өнім жиналғанын атап өтті. Бұл өңірді толығымен қамтамасыз етіп, тіпті астықты экспорттауға мүмкіндік берді.

 Мал шаруашылығы да белсенді дамуда. 2019 жылы 1386 тонна ет экспортталды. Негізгі өткізу нарықтары Иран, Қытай жəне Өзбекстан елдері болды.

Сондай-ақ, Жеңіс Қасымбектің айтуынша, агро-өнеркəсіптік кешеннің өңделген өнімдерін экспорттау көлемі өсуде. Бұл өнімнің негізгі бөлігі – Ресей, Өзбекстан, Ауғанстан жəне Қытай сатып алатын ұн, май жəне макарон өнімдері. 2020 жылы қайта өңделген өнім экспорты тағы 5%-ға артады деп жоспарлануда.

Өткен жылы өңірдің ауыл шаруашылығына 19,4 млрд.теңге инвестиция тартылды. Азық-түлік өндірісінде – 1,6 млрд. теңгеге қаражат жұмылдырылды.

 – Жалпы, агро-өнеркəсіптік кешенге инвестициялар есебінен өңірде 31 жоба жүзеге асырылуда. Нəтижесінде 1500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ облыс басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу – өңірдің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. 2019 жылы облыстың 210 кəсіпорны 110 миллиард теңгеге өнім өндірді. Бие, түйе жəне ешкі сүтінен балалар тағамы мен сүт өнімдерін өндіретін зауыт салынуда.

karaganda-region.gov.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған