Жеңіс Қасымбек: «Біз барлық тәуекелдерді есептеп, дағдарысқа қарсы шараларды уақытылы қабылдауымыз керек»

Қарағанды облысының экономикасы бірінші тоқсанда табысты дамыды. Барлық көрсеткіштер бойынша өсімге қол жеткізілді. ТЖ тәртібі және карантин кезінде әлеуметтік-экономикалық даму қарқынынын қалай бір қалыпта ұстап қалу керектігі онлайн аппараттық кеңесте талқыланды. Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек барлық тәуекелдерді есептеп, дағдарысқа қарсы шараларды уақытылы қабылдауды тапсырды.

Экономика басқармасының ақпараты бойынша, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімі 651 млрд теңгеге (өсім 5%) өндірілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 4,5%-ға артты. Фармацевтика, жеңіл өнеркәсіпте – 5,8%, машина жасауда – 5%, металлургияда – 3,5% өсуі күтілуде.

– Негізгі көрсеткіштер бойынша бірінші тоқсанды жақсы нәтижемен жабамыз. Сонымен қатар, облыстың әлемдік үдерістерге интеграциялануының өзіндік тәуекелдерін бар және өз әсерін тигізуде, – деді Жеңіс Қасымбек. – 10 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. ТЖ режимі сәуір айының соңына дейін ұзартылатын болады.
Коронавирустық инфекцияға қарсы шараларды жүзеге асыруда тізгінді босатуға әзірге ерте, деп мәлімдеді облыс әкімі. Аурушаңдықтың шыңы әлі өткен жоқ.

2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы мен «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы өңір экономикасының локомотивіне айналады, деп атап өтілді жиналыс барысында.
Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 63,7 млрд теңгеге 619 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, деп хабарлады Жеңіс Қасымбек. Облыс әкімі жергілікті жұмыс күшін барынша тартуды және жергілікті құрылыс материалдарын пайдалануды тапсырды. Ол сондай-ақ жұмыс сапасын бақылауды күшейтуді талап етті.

– Қарағандының карантиндік аймағында тіркелген компаниялар қатысатын болады. Бірінші кезекте біздің өндірушілердің құрылыс материалдарын пайдалану қажет. Бұл жергілікті қамту көлемін арттырады, – деп атап өтті аймақ басшысы.

«Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыруға 5,6 млрд теңге бөлінді.
Облыста тұрғын үй құрылысы жалғасады. Жаңа құрылыстар барлық қалалар мен аудандарда пайда болады. Жыл қорытындысы бойынша 600 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарлануда.
Кәсіпорындар қызметі бойынша Жеңіс Қасымбек салалық басқармаларға, қала және аудан әкімдеріне тапсырма берді.
– Сіздер экономикамыздың бірте-бірте қалпына келтірілетіндігін егжей-тегжейлі ойластыруларыңыз тиіс. Дағдарысқа қарсы шараларды уақытылы қабылдау қажет. Бүгінде карантин кезеңінде тоқтата тұрған кәсіпорындарды, сервис объектілері мен шағын және орта бизнес субъектілерін кезең-кезеңмен ашудың түрлі нұсқаларын әзірлеу керек. Экономика басқармасы барлық алдағы тәуекелдерді есептеуі қажет, – деді аймақ басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.