Жеңіс Қасымбек: «Қарағандылық өнімдердің сатып алынуын қамтамасыз ету үшін жеке жұмыс істейміз»

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн режимінде құрылыс саласында жұмыс істейтін бизнесмендермен кездесті. Өңір басшысы жергілікті өндірушілерді қолдау үшін не істеу керектігін анықтамақ.

– Біз сіздерді құрылыстағы жергілікті қамту үлесін арттыру мәселесін талқылау үшін жинадық. Осындай кездесулер отандық өңдеу өнеркәсібі өнімдерін ілгерілету бойынша ірі жүйе құрушы кәсіпорындармен өткізілді. Жеңіл өнеркәсіп бойынша жеке жиналыс болды. Бүгін қазақстандық және, атап айтқанда, қарағандылық құрылыс өнімдерін белсенді пайдалануға не кедергі келтіретінін естігім келеді, – деді Жеңіс Қасымбек.

Өңірде құрылыс саласында 170-ке жуық кәсіпорын жұмыс істейді.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының ақпараты бойынша, облыста тек мемлекеттік қаражатқа 69 нысан салынуда. 2020 жылы мемлекеттік объектілердегі жергілікті қамту үлесі 91%-ды құрады.

Сонымен қатар, кәсіпорын басшылары облыс әкіміне жергілікті қамту үлесі нөлге тең жеке компанияларға шағымданды. Шетелдік өнімді жергілікті өнімге ұқсас болған жағдайда сатып алатын бірқатар фактілер келтірілген.

Өндірушілерге өздерінің құрылыс материалдарын ірі жобаларға сатуға қалай көмектесуге болатыны туралы ұсыныстар айтылды.

Қарағанды облысы құрылысшылар қауымдастығының атқарушы директоры Найля Қайырбекова жұмысты бір терезе қағидаты бойынша ұйымдастыру қажет деп санайды. Оның пікірінше, әлеуетті тапсырыс берушілер мен өндірушілердің тікелей өзара іс-қимылы үшін алаң құру саналы қарым-қатынас дәрежесін арттырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.

– Келісу керек. Әрине, «баға-сапа» параметрлері сәйкес келуі тиіс. Егер сіз әрқайсысымен жеке жұмыс істеуіңіз керек болса, біз сізді қолдауға дайынбыз. Қарағандылық өнімді сатып алу үшін қарқынды жұмыс істейміз, – деп мәлімдеді Жеңіс Қасымбек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған