Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізеді

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек 19 ақпанда сағат 10.30-да халықпен есеп беру кездесуін өткізеді. Биыл карантиндік шектеулерге байланысты оның форматы онлайн болып өзгертіледі. Аймақ басшысының сөйлеген сөздерін облыстың барлық телеарналары бір мезгілде таратады, тікелей эфирді SARYARQA TV ютуб-арнасынан, сондай-ақ еkaraganda.kz сайтынан көруге болады.  Тікелей эфир кезінде 109 нөмірі бойынша сұрақтар қоюға болады.

Қандай да бір себептермен есептік кездесуді теледидардан немесе интернеттен көре алмайтындар үшін Теміржолшылар, «Молодежный», Жаңа Майқұдық мәдениет үйлерінде, Достық үйінде және Кеншілер мәдениет сарайында LED-экрандар орнатылады.

Облыс әкіміне сұрақтар мен ұсыныстарды келесі мекенжайлар бойынша орналасқан арнайы жәшіктерде қалдыруға болады:

Қарағандыда, Қазыбек би атындағы ауданда, олар Чкалов көшесі, 7; Ержанов көшесі, 47/3; Шахтерлер даңғылы, 5/2 мекен-жайлары бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан. Сонымен қатар Қарағанды облысы әкімдігінің фронт-кеңсесінде қойылған. Сондай-ақ: Теміржол вокзалының ғимаратында; Кеншілер МҮ (Бұхар-жырау даңғылы, 32); Балалар мен жасөспірімдер сарайы (Ерубаев көшесі, 44); «Алтын Арба» сауда орталығы (Зональная көшесі, 10, 1-қабат холл); «Шығыс» сауда орталығы (Космонавтар көшесі, 1б, 1-қабат холл); «Арай» базарында (Құрылысшылар даңғылы, 10, 1-қабат холл); Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ (Мұқанов көшесі, 1, 8-ші корпус); Қазтұтынуодағының университеті (Академическая көшесі, 9); №101 мектеп-лицейі.

Қарағанды қаласының Октябрь ауданында ұсыныстар мен ескертулер жинауға арналған жәшіктер келесі мекенжайлар бойынша орнатылды:

Майқұдықта: ХҚКО-да (Архитектурная к-сі, 8); Жаңа Майқұдық МҮ (Магнитогорская к-сі, 19); Индустриялық-технологиялық колледжде (Столичная к-сі, 2А); №77 ЖҚЖКМҚ (Көгілдір тоғандар ш.а., 3); №17 ЖББОМ (Восток-2 ш. а., 10/2 үй); №65 ЖББОМ (14 ш. а., 4б).

Пришахтинскіде: ХҚКО-да (21-ші ш / а, 6-үй); «Молодежный» МҮ (22-ші ш / а, 27/1); №30 ЖББОМ (21-ші ш / а, 9/2); №25 ЖББОМ (23-ші ш / а, 5/2); №33 ЖББОМ (Кемеровская көшесі, 36/2); №11 ЖОМ (Ишимская көшесі, 76а).

Сұрыптауда: ХҚКО (Серов к – сі, 73); «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалы «БП Қарағанды бөлімшесі (Серов к-сі, 89); Теміржолшылар МҮ (Мәметова к-сі, 111).

Сондай-ақ, Теміртауда: «Ақтау» мәдени-сауық орталығы (Ақтау кенті, Карл Маркс көшесі, 5); балалар мен жасөспірімдер театры (Республика даңғылы, 136); «Аян Пассаж» СОО (Тәуелсіздік даңғылы, 25); Орталық аурухана (Теміртау қ., Чайковский көшесі, 22); №17 ЖББОМ (8-ші шағын аудан, 98а); «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының №1 бөлімі.

Жезқазғанда: ХҚКО-да (Б.Момышұлы көшесі, 9); Теміржол вокзалы ғимаратында (Қаражар көшесі, 8).

Сәтбаев қаласында: Open satpaev-әкімдік ғимараты (Сәтбаев даңғылы, 108); Универсам (Сәтбаев даңғылы, 98); «Нарша» СҮ (А.Құнанбаев көшесі, 48). Жезқазған қаласында – әкімдік ғимараты (Жұбанов көшесі, 11).

Балқаш қаласында: қала әкімдігінде (Уәлиханов к-сі, 3); Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында (Уәлиханов к-сі, 5); №2 емханада (Сәбитова ш.а., 24а); №1 емханада (Сейфуллин к-сі, 40); ХҚКО (Бөкейханов к-сі, 20а); «Қазақтелеком» АҚ Балқаш қалалық телекоммуникация торабында (Қараменде би к-сі, 13); «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС БЦМ бойынша Балқаш филиалының басқармасында (Ленин к-сі, 1); Балқаш (Подсадник тұйық көшесі); ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің ғимараты, «Қоңырат» шағынауданы; әкімшілік ғимараты (Балқаш-1 станциясы).

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған