Жасыл елдіктер жұмысын бастады  

Кенттегі «Жасыл ел» жастары өз жұмысын бастады. Жас ұрпақ бойына патриоттық және экологиялық тәрбие беріп, елдегі жұмыссыздық көлемін азайтуға үлкен үлес қосып келеді.

Кентімізді көгалдандыру мен тазалығын сақтауға жаз маусымына 120 бала жұмылдырылып, маусым айында 40 жасақшы жұмысқа шықты. Өскелең ұрпақ үшін маңызы зор «Жасыл ел» бағдарламасына биыл 6 млн. 848 мың қаражат бөлінді.

Жастар Ә. Бөкейханов көшесінің қиылысынан бастап, вокзалға дейінгі жол маңайындағы шөптерді шауып, абаттандыру жұмыстарын жалғастыруда.

«Жасылелдіктер» еліміздің көгалдандыру мен  тазалығын сақтауға  ғана емес, оған қоса біздің отанымыздың өркендеуіне жауапты  жаңа буынды тәрбиелеп, жастарды жұмыспен қамтуға, студенттердің  патриоттық рухын көтеруге үлкен үлес қосып келеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған