Жастар және ғылым: қарағандылықтардың қандай техникалық идеялары гранттарға ие болды

2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық жобалар бойынша ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру бойынша республикалық байқауының қорытындысы белгілі болды. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің жас ғалымдарының жалпы сомасы 200,3 млн теңгені құраған төрт жобасы мақұлданды, деп хабарлады ЖОО.

Университетте гранттық қаражатқа жүзеге асырылатын әзірлемелер ұсынылды.
«Астықты сақтау үшін полимерлі ауыл шаруашылық құбыр түтктерінде өндірісті бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің прототиптерін жобалау және құру, микроклиматты қашықтықтан мониторингілеу және диагностикалау» жобасы (ғылыми жетекшісі Т. Ю. Никонова). Мақсаты – ауылшаруашылық машина құрау технологияларды жетілдіру. Жүйені енгізу арзан әдістерді қолдану есебінен астықты сақтаудың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

«Шұбаркөл кен орнындағы тонштейндердің (көмір қабаттарындағы сазды қабаттар) минералды-геохимиялық ерекшеліктерін зерттеу» жобасы (ғылыми жетекшісі Д. С. Ожигин). Жұмыс одан әрі ұтымды пайдалану үшін сирек жер элементтерінің гипотетикалық «тұзақтары» ретінде тонштейндерге жаңа көзқараспен ерекшеленеді. Зертханалық зерттеулердің мақсаты – олардың жіктелуі мен заттық құрамын белгілеу.

«Антибактериалды, қабынуға қарсы және антиоксиданттық әсері бар табиғи заттар негізінде азот қосылыстарын синтездеудің тиімді әдістерін әзірлеу» жобасы (ғылыми жетекшісі Ж. Б. Рахымберлинова). Бұл жоба туберкулезге шалдыққан науқастарды емдеуге көмектеседі. Препараттардың жіті бактериялық инфекциялар кезінде тиімділігі жоғары болады деп болжануда.

«Оқытудың сандық технологиялары арқылы техникалық ЖОО-ның интернационалдандыру әлеуетін дамыту» жобасы (ғылыми жетекші Д. Д. Жантасова). Авторлар зерттеу нәтижелері алыс шетел ЖОО-мен халықаралық байланыстарды дамытуға өз үлесін қосады деп санайды. Мақсаты – шетелдік студенттерді оқыту және ықпалдастыру технологияларын жетілдіру, шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен оқу бағдарламаларын дамыту, әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде қазақстандық университеттердің рейтингі мен беделін арттыру.

http://www.kstu.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған