Жастар өз жоспарымен бөлісті

           

Ауданымызға Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасының басшысы Біржан Әлімжанов іссапармен келіп, ауданының Жастар ресурстық орталығы жұмысымен танысты.

Аудан әкімінің орынбасары Алма Шалабаева қатысуымен болған отырыста 2020-2022 жылдарға арналған Осакаров ауданындағы жастар саласындағы жағдайды жақсарту бойынша Аймақтық жоспарды талқылап, атқарылған және жоспарланған жұмыстар  айтылды.

«Осакаров ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Хажимухамед  Акимжанов жастар саласындағы проблемалық бағыттарды анықтау, әдістемелік көмек көрсету мақсатындағы жұмыстар жайлы баяндады. Сонымен қатар жастарды жұмыспен қамту, бос уақытын ұйымдастыру, жастарды және жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету  бойынша жасалған жұмыстарға тоқталды.

– 2022 жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету  кезектілігін 15% – ға қысқартуды жоспарлап отырмыз. Бұл әрине бюджет мәселесіне байланысты. Бүгінде кезекте 619 адам тұр,- деді Х. Қабылдаұлы.

Жастар орталығы Қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық төзімділікті нығайту, жастар арасындағы деструктивті және діни ағымдардың таралуын және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында көптеген шаралар жүргізуде.

Отырыс барысында Қарағанды облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы Гүлнар Кабиева, «Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығы»  КММ директоры Аида Ысқақова, директордың орынбасары Жанар Турлина тәжірибелерімен бөлісіп, өз ұсыныстарын жеткізді.

Гүлім Сембай

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.