Жас ақындарды Абай мерейтойына арналған байқауға қатысуға шақырады

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Saryarqa jastary және JasOtan жастар қанатымен бірлесіп, Ұлы ойшыл және ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған жас ақындар байқауын өткізеді.

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» сайысына 14 жастан 28 жасқа дейінгі ақындар қатыса алады.

Байқау үш тақырып бойынша өткізіледі:

1. Ұлы Абайдың ақындық дарыны мен даналығын бейнелейтін шығармалар.

2. Ел өмірі, бүгінгі уақыт, Қазақстандағы бірлік пен бейбітшілік туралы өлеңдер.

3. Еркін тақырыптағы шығармалар.

Талаптар:

1. Республикалық және облыстық байқаулар жеңімпаздарының жұмыстары қабылданбайды.

2. Қатысушылар әр тақырыпқа бір-бірден үш шығарма жіберуі керек.

3. Өтінімдер мен жұмыстар 1 қараша күні кешкі сағат сегізге дейін электрондық пошта арқылы қабылданады: qaraqandy2020@mail.ru.

4. Өтінімде автордың аты-жөні, жасы, қысқаша өмірбаяны, оқу орны, электрондық пошта мекенжайы, байланыс телефондары көрсетілуі тиіс, сондай-ақ бір файлда үш туындыны қоса беру қажет.

5. Байқауға кемінде 5 жолдан тұратын жұмыстар қабылданады (форматы – А-4, қарпі – Times New Roman, көлемі – 14).

Жіберілген шығармаларды құрамына белгілі ақындар кіретін қазылар алқасы талдап, бағалайды.

Бағалаудың негізгі өлшемшарттары: өлеңнің мағынасы, тақырыптың маңыздылығы және толық ашылуы, ойдың тәуелсіздігі.

Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен, алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

Марапаттау рәсімі 6 қарашаға Zoom платформасында жоспарланған.

Байқау туралы толық ақпаратты (8-7212) 50-24-72 телефоны арқылы білуге болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған