Жарқын болашаққа сенемін

Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бəрін жеңеді» атты мақаласын оқыдым.

Ұлт Көшбасшысы мемлекетіміздің басты ресурсы – адамдар екеніне айрықша тоқталды.

Еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен оның өмірі болғандықтан, əрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керектігін, ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі екенін айтты.

Әрдайым халқымен бірге Елбасының сенімі бізге күш-қуат берді. «Халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері жəне өзіне деген зор сенімі арқасында біз міндетті түрде бұл індетті жеңіп шығатынымыз»,- деді Елбасы. Мен жастар өкілі ретінде қиындықты еңсеретінімізге, жарқын болашаққа сенімдімін.

Д. Даниярова,

студент, Осакаровка кентінің тұрғыны

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған