Жалған ақпарат

Фейк: «Танымал дәрігер коронавирустан жазылу үшін аш қарынға сарымсақ жеуге кеңес береді»

❌ Мессенджерлерде шұғыл балалар хирургиясы және травматология ҒЗИ президенті Леонид Рошальдің аудиожазбасын таратылуда. Хабарламада ол COVID-19 жұқтырудың алдын алу үшін күн сайын таңертең аш қарынға сарымсақ жеуге кеңес береді.

✅ Шын мәнінде, бұл хабарлама өткен жылдың наурыз айында Желінің ресейлік сегментінде тараған. Ол кезде оны Леонид Рошальдің өзі жоққа шығарған болатын. Сарымсақтың COVID-19 алдын алу құралы ретінде дәлелденген тиімділігі жоқ.

Фейк: «Қазақстанға мерзімі өткен вакцина әкелінуде»

❌ Танымал Telegram-арналардың бірінде Қазақстанда қолданылатын «Спутник-V» вакцинасының мерзімі өтіп кеткені туралы ақпарат таратылуда.

✅ Шын мәнінде, вакцина шығарылатын ұйым өкілдері препараттың пациенттерге мерзімі өтіп жеткізілетіні туралы қауесетті жоққа шығарды. Препарат вакцинациялау пункттеріне қолдануға жарамды күйде түседі. Сонымен қатар, вакцина алған әрбір қазақстандық ампуланы көрсетуді сұрап, препараттың мерзімі өтіп кетпегеніне көз жеткізуге құқылы.

Фейк: «Қойдың құйрығы, бал және зімбір коронавирусты емдейді»

❌ Қазақстандықтар COVID-19 емдеу әдісімен бөлісуде. WhatsApp-та құйрық май, бал және зімбірді араластырып ішуге кеңес беретін видео таратды. Мұндай қоспа екі апта ішінде КВИ-жі емдеп жазады екен.

✅ Шын мәнінде, видеода көрсетілген ингредиенттердің ешқайсысының жалпы вирустармен және SARS-CoV-2 коронавирусымен күресте тиімділігі дәлелденбеген. Құйрық майдың емдік қасиеттерін растайтын ғылыми зерттеулер жоқ. Ал зімбірдің дәрілік қасиеттері дәлелденбеген. Сондықтан, бұл халықтық емдеу әдісінің COVID-19 емдеуде тиімділігі дәлелденбеген.

ТОЛЫҚ

t.me/stopfake_kz | #covid19_stopfake

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.