Жақындарыңызды сақтаңыздар: ҚР денсаулық сақтау министрлігі КВИ дерті симптомсыз өтетін науқарстарға арналған нұсқаулықтар әзірледі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияға шалдыққан, алайда ауруы симптомсыз өтіп жатқан пациенттерге және олардың отбасы мүшелеріне арналған нұсқаулықтар әзірледі.

Үй карантиніндегі адамдарға арналған нұсқаулық

1. Үйден шықпаңыз.

2. Түшкіру немесе жөтелу кезінде ауыз мен мұрынды бір реттік майлықпен жабыңыз. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оларды спирт негізіндегі антисептикпен өңдеу керек. Үнемі бетіңізге тығыз таңылған медициналық маска киіңіз және оны әр 2 сағат сайын ауыстырып отырыңыз.

3. Қолды сабынмен жуу немесе оларды спирт негізіндегі антисептикпен тамақ алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін өңдеу қажет. Қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын майлықтарды қолданған жөн.

4. Жеке ыдысты пайдаланыңыз.

5. Дене қызуы немесе сырқаттану белгілері пайда болған кезде COVID-19 бойынша call-орталығына хабарласу немесе карантин туралы хабарлап, жүгіну себебін көрсетіп жедел жәрдем шақыру қажет.

Үй карантині әрекет ететін үй шаруашылығы мүшелеріне арналған ұсынымдар:

1. Бөгде адамдардың келуіне жол бермеу.

2. Карантин бөлмесіне кірерде ауызды және мұрынды тығыз жабатын медициналық маска кию қажет. Егер ол дымқыл немесе лас болса, оны бірден жаңасына ауыстыру керек. Алдыңғы бөлікке тимей, масканы шешу керек.

3. Күніне кемінде екі рет отбасының әрбір мүшесінің дене температурасын өлшеу қажет.

4. Үй-жайларды күніне кемінде екі рет желдеткен дұрыс.

5. Күн сайын ылғалды жинау өткізген абзал.

6. Қолды сабынмен жиі жуу немесе оларды антисептикпен өңдеу, қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын майлықтарды қолданған жөн.

7. Әрбір отбасы мүшесі жеке ыдыс-аяқты, жеке гигиена құралдарын пайдалануы керек.

8. Түшкіру немесе жөтелу кезінде ауыз бен мұрынды бір рет қолданылатын майлықпен жабу керек. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оларды антисептикпен өңдеу керек.

9. Кез-келген отбасы мүшесінде дене қызуы немесе сырқаттану белгілері пайда болған кезде COVID-19 бойынша call-орталығына дереу хабарласу немесе карантин туралы хабарлап, жүгіну себебін көрсетіп жедел жәрдем шақыру қажет.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған