Жаңа оқу жылында облыс мектептерінде 3,5 мың кезекші сынып жұмыс істейді

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Saryarqa телеарнасының тікелей эфирінде жаңа оқу жылында мектептердің қалай жұмыс істейтінін айтты. Өңірдің кезекші сыныптарына кіші буынның 48 мың оқушылары баратын болады. Бұл жалпы санының 50%-ы.

Оқу жылы COVID-19 пандемиясына байланысты қашықтықтан білім беру форматында басталады. Мектепке төменгі сынып оқушылары бара алады. Олар үшін 3,5 кезекші сыныптар ашылады. Әр сыныпта 15 оқушыдан аспайды.

Сабақтар уақыты қысқартылады. Пандемия уақытында қатаң санитариялық талаптарға байланысты мектеп оқушылары оқу орындарында ыстық тамақ берілмейді. Алайда шектеулер алынған соң 1-2 сынып оқушыларын мектеп ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етеді. Алдағы екі жыл бойы ыстық тамақпен барлық бастауыш мектептің оқушыларын қамту жоспарлануда. Қарағанды облысы мұндай шешім қабылдаған елдегі бірінші өңірлердің бірі болғанын атап өтеміз.

Шағын жинақты ауыл мектептері (олардың саны облыста 193) оқу жылы үйреншікті режимде бастайды, себебі ондағы оқушылар саны санитариялық талаптарға қайшы келмейді.

Өңірдің барлық оқу орындарында санитариялық режим күшейтілген, қажетті дезинфекциялаушы заттар мен жеке қорғаныс құралдары сатып алынды.

Қашықтықтан оқытуға өтуге байланысты компьютермен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып тұр.

– Қашықтықтан оқытуға тартылған барлық мұғалімдер мен оқушылар компьютерлік техникамен қамтамасыз етіледі. Оларға мектеп техникасы уақытша пайдалануға беріледі. Бірінші кезекте әлеуметтік тұрғыдан әлсіз отбасылардан шыққан балаларға ерекше назар бөлінеді. Облыста шамамен 28 мың адам бар, – деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен бірге, ол компьютерлер беру кезінде отбасындағы балалар саны ескерілетінін атап өтті. Мәселен, егер  отбасындағы төрт мектеп оқушысының бірде бірі кезекші сыныпқа келмейтін болса, онда оларға кемінде екі бірлік техника тиісті болады.

Облыстық бюджет есебінен шамамен 9 мың компьютер қосымша сатып алынды, оқу жылы басталғанға дейін тағы 5 мың сатып алынады. Шамамен мың компьютер демеушілер есебінен сатып алынады. «Қазақмыс» корпорациясы мен шаруа қожалықтары өңірді осылайша қолдап отыр. Қарағандылық мектептер үшін республикалық бюджет есебінен әлі 28 мың бірлік техника салып алынады.

Осылайша, облыста оқу жылы басталғанда қашықтықтан оқыту үшін жарамды 47,5 мың компьютер болады.

Сонымен бірге өңірде мұғалімдер мен мектеп оқушыларын толассыз ғаламтормен қамтамасыз ету үшін модем мен роутерлер сатып алынуда. Ғаламтордың төмен жылдамдығы қашықтағы ауылдарда байқалады, алайда атап өткеніміздей, ондағы балалар қашықтықтан емес, мектептерде білім алатын болады.

– Бүгінде ғаламтордың төмен жылдамдығы 116 елді мекенде сақталады, онда 6 999 бала оқитын 122 ауыл мектептері орналасқан. Осы жылы 85 елді мекенде  ғаламтор жылдамдығын 3-4G дейін жақсарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл 73 ауыл мектептерінен 5 мыңнан астам оқушылардың интерактивті платформаларда оқуға қосымша қосылу мүмкіндігін береді. Қазір «Қазақтелеком» АҚ әрбір проблемалы өңірді өңдеп жатыр. Оқу жылының басында жылдамдықты ғаламтормен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі, – деп мәлімдеді өңір басшысы.

Жеңіс Қасымбек үйреншікті жұмыс тәртібінің өзгеруіне қарамастан, мұғалімдердің жалақысы бұрынғыдай қалатынын атап өтті.

Қазір өңір мектептеріне оқулықтар жеткізілуде. Талап етілген көлемнің шамамен жартысы қамтамасыз етілді. Қалған оқу құралдары жақын күндері түседі.

– Мен өзім мектеп оқушысының әкесімін, бұл барлығымыз үшін оңай емес кезең екенін түсінемін. Әрине, балалардың барлығы мектепке барғанын қалаймын, алайда қазіргі басты міндет – балалар арасында жұқпалы аурудың таралуына жол бермеу. Өз балаларыңызға, оқушыларыңызға азаматтық жауапкершілік пен тәртіп сақтау үлгісін көрсетіңіз! – деп өңір басшысы барлығын шақырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған