ЖҚЖК 4-ші бағыты жүргізілуде

 

Аудан әкімі Нұркен Кобжанов Осакаровка кентіндегі әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, ЖҚЖК бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар барысымен танысты.

Жұмыспен қамтудың жол картасы Халықты жұмыспен қамтудың негізгі құралы  болып отыр. Осакаров ауданында 2020-2021 жылдарға арналған ЖҚЖК іске асыруға 1 миллиард 562 миллион 718 мың теңге бөлінді. Карта бойынша 36 инфрақұрылымдық жоба аясында 364 жұмыс орнын құру жоспарланып, Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 182 жұмыс орны ашылды. Бірқатар нысандарда жұмыс басталып та кетті.

Аудан әкімі Нұркен Кобжанов жұмыспен қамтудың жол картасының 4-ші  бағыты бойынша Осакаровка кентінде нысандарды аралап, жұмыс барысын қадағалады.  Елді мекендерді абаттандыру бағыты бойынша Осакаровка кентінің орталық саябағын және Х.Байғабылов көшесін абаттандыру қолға алынды.

Кенттегі мәдениет және демалыс саябағын абаттандыруға 54 млн. теңге бөлініп, 12 адам жұмыспен қамтылды. «Қаз.құрылыс.құрастыру» ЖШС жұмысты бастап кеткен. Мердігер ұйымның қаржы директоры Наталья Кобзева аудан басшысын жұмыс барысымен таныстырды.  Мұнда 1776 ш.м. ауданға брусчатка төселіп, балаларға арналған 3 ойын кешені және саябақ аумағына қосымша 12 орындық және вазон орнатылмақ. Сонымен қатар саябақ сахнасын және шаруашылық үй –жайын, 364 шаршы метрді құрайтын спорт алаңын жөндеу жоспарланып отыр. 2300 ш.м. көгалдандыру және ландшавтық жұмыстар жүргізіледі.

Х. Байғабылов көшесіне ат басын бұрған аудан басшысы мердігер мен кент әкімінен жұмыс барысындағы өзгешеліктер жайын пысықтады. Мұнда көше бойымен соғылған дуал орнатылып, Х. Байғабылов постаментінің маңайын әрлеу жұмыстары қолға алынады. Сондай-ақ жаяу жүргінші жолы кеңейтіліп, көше шамдарының саны көбейтілмек. Көше бойын абаттандыру үшін 32 млн. теңге бөлініп, 6 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Аудан әкімі Нұркен Кобжанов кенттегі БЖСМ стадионына және БҚББО ғимаратындағы жұмыстарды қарап шықты. БЖСМ стадионына жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Оның   жүгіру жолдарына  тартан төселіп, 500 орындық трибуна  сайдингпен қапталады, шатыры жөнделіп, әрлеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыстарды жүргізу үшін «Грейс-Строй-Астана» ЖШС мердігерімен 32.000000 теңгеге шарт жасалды.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша Балаларға қосымша білім беру ғимаратында «Марал-Құрылыс» ЖШС 125 млн. 686 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмысын жасауды бастап кетті. Қазіргі таңда демонтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Аудан басшысы нысандарда жүріп жатқан шараларға сыни ескертпелер мен ұсыныстар жасады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған