Жұмыс бабы үнемі бақылауда

Оакаров ауданында «Жұмыспен қамтуды жол картасы – 2020» жобасының әлеуметтік-мәдени объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау бағыты бойынша 9 білім беру нысанында жұмыстар жүргізілуде.

Аудан әкімінің орынбасары Алма Шалабаева ЖҚЖК бойынша «Осакаровка кентінің №9 гимназиясы базасындағы тірек мектебі (РО)» КММ мен «Балдырған» бөбекжайы» КМҚК барып, жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылап қайтты.

Кенттегі № 9 гимназияның ауласына брусчатка төсеу, 1-ші қабаттағы дәліздердің едендерін, дәретхана бөлмелерін жөндеу, онда терезелер ауыстыру жоспарланды. Қазіргі таңда едендердің бетін тегістеу, қатайту жұмыстары жасалып, ескі терезелер алынды.  «Балдырған» бөбекжайының қабырғасын сайдингпен қаптау, канализация жүйелерін жөндеу,  бөбекжай қоршауын ауыстыру, кіреберіс бөлмені орнату жоспарланып отыр.  Бүгінде ескі қоршау бөлшектеліп, жаңа қоршауға бағаналар орнатылды, кәріз жөндеу жұмыстары басталып кеткен.

ЖҚЖК бағдарламасы негізінде нысандарда уақытша 11 жұмыс орны құрылды, мердігері «СТРОЙКОМ-2009» ЖШС.

Алма Қабыкенқызы нысандардағы ішкі ағымды жұмыстар ретін байқап, жұмыстардың баяу жүргізіліп жатқанын сынап, сапалы әрі уақытылы орындалуын талап етті. Білім беру ұйымдарының басшыларына жұмыс бабын үнемі бақылауда ұстауды ұсынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған