Жұдырықтай жұмылсақ, кез келген қиындықты жеңеміз!  

Бүгін ҚР Президенті халқына мәлімдеме жасады. Қасым-Жомарт Тоқаев ТЖ 11 мамырға дейін созылатынын айтып, халықты сабырға шақырып, карантин шаралары ең алдымен мемлекетіміздің әрбір азаматының денінің саулығы үшін қолданып жатқан шара екенін айтты. Сондай –ақ әр сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Шынымен де күрделі кезде мемлекет тарапынан әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында қыруар шаруа істелді.  Осы сын сағатта әрбір қазақстандық Мемлекет басшысының қолдауын сөзінен емес, ісінен көрді.

Оған дәлел 4 миллион 250 мың азаматқа қаржылай көмек көрсетіліп, 570 мыңнан астам адамға азық-түлік таратылды. 1,6 миллионнан астам адамға коммуналдық төлем үшін 15 мың теңге көмек көрсетілуде. Осы көмекті 1,6 миллионнан астам адам пайдаланып, 11,5 мың шағын және орта бизнес өкілі несиелерін кейін төлеуге мүмкіндік алды. 700 мыңнан астам компания мен жеке кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды. Көктемгі егіс науқаны мәселелерін шешуге 200 миллиард теңге бөлінді.

Ауыз толтырып айтарлық жұмыстардың жүргізіліп жатқанына бәріміз де куә болып отырмыз. Кертарпалыққа салынбай, сәл ғана шыдасақ, бұл індеттен де құтыларымыз анық.

«Жұдырықтай жұмылсақ, кез келген қиындықты жеңеміз!», -деді Президент. Бұдан артық еш сөздің қисыны жоқ-ау.

Гүлім Сембай

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған