Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында айқындалған «Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарланады.

Конкурсты өткізу кезеңі: 2020 жылдың мамыр-қыркүйек айлары.
Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметте әкім лауазымында бір жылдан кем емес өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдеріне жол беріледі.
Конкурсқа құжаттар 2020 жылдың 25 мамырынан бастап
15 маусымына (қоса есептегенде) дейін қабылданады.

Конкурстың ережесі туралы толық ақпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаментінің (https://qyzmet.gov.kz) және Қарағанды облысы әкімі аппаратының ресми сайтына (https://karaganda-region.gov.kz/kk/news/id/31098) орналастырылған.
Конкурс құжаттарын t.medet@kyzmet.gov.kz немесе a.alybekova@kyzmet.gov.kz немесе medetov.t@mail.ru электрондық поштасына жолдауыңызға болады.

Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша 8-7212-25-41-05, 8-7212 50-40-23 телефон нөміріне хабарласуға болады.

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған