Қызметінің құрметін көрер жас

Тарих қойнауындағы сырды сақтап, қаттап, кейінгі ұрпағымызға табыстар, маңызды да жауапты жүкті арқалап жүрген архив қызметкері, білімді де білікті, құзыреттілігі мен қабілеті мол Ержан Сүлейменов мағыналы ғұмырдың биік бір белесі – 63 жасқа толды.

Аудан әкімі Нұркен Кобжанов, аудандық мәслихат хатшысы Қанат Саққұлақов «Осакаров ауданы мемлекеттік архиві» КММ басшысы Ержан Сүлейменовты мерейлі жасымен құттықтап, сый сияпат көрсетті.

Аудан басшысы:

  • Осакаров ауданында атқарған абыройлы жұмысыңызды халық жақсы біледі.

Мемлекет үшін жасаған жауапкершілігі мол еңбегіңіздің зейнетін көріңіз!

Ұзақ жылғы қызметіңіз және Еліміздің дамуына қосқан елеулі үлесіңіз одан әрі жалғаса берсін,- деп жүрек жарды тілегін айтты. Иығына шапан жауып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің грамотасын табыстады.

Осакаровка кентінің тумасы Ержан Сүлейменов ҚарМУ-ден «заңгер» мамандығын алып, еңбек жолын 1975 жылы Осакаров жиһаз фабрикасының станокшысы болып бастаған. 1982-1991 ж.ж. комсомол, партия кеңес органдарында жұмыс істеп, 1994-2007 жылдары Осакаров аудандық мәслихатының хатшысы болып үш рет сайланды. Одан кейін  Осакаров аудандық мәслихаты аппаратының басшысы, мәслихат аппаратының тексеру комиссиясының төрағасы, Аудандық мәслихаттың төрт шақырылымының депутаты болды. Сауатты, адал, тиянақты әрі талапшыл маман Мемлекеттік қызметте 30 жыл еңбек етсе, оның 20 жылында басшылық қызметте істеді. Жасқа үлгі, мол тәжірибесімен сөзі өтімді азамат құрметке және үлкен беделге ие. Ұйымдастырушылық қабілеті, көрген түйгені мол Е. Сүлейменов әріптестері мен замандастарының ыстық ықыласы мен пейілін

Осакаров ауданының Құрметті азаматы Ержан Алексейұлы  – «Nur Otan» партиясының Саяси бюро мүшесі, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, Осакаров ауданының Қоғамдық Кеңесінің Төрағасы.  Елеулі ғұмырын қоғамдық жұмысқа арнаған ауданымыздың беделді азаматы төрт мерекелік медальмен, ҚР Президентінің Алғыс хаттарымен, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Ұйымдастырушылық қабілеті, көрген түйгені мол Е. Сүлейменов әріптестері мен замандастарының ыстық ықыласы мен пейіліне бөленген жан. 63-тей құрметті жасқа толуына орай әріптестері бейне баян жасап, тосын сый жасаған.

Өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет еткен Ержан Алексейұлы қызметінің құрметін көре берсін.

Гүлім Сембай

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған