ТЖД-де өткен брифингте Топар МАЭС-гі ТЖ туралы мәлімет берілді

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз конференциясында Абай ауданы Топар кентіндегі МАЭС-2-дегі №14 қазандықтың бу құбырының жарылуы туралы мәлімет берілді. Төтенше жағдай бүгін, 13 желтоқсан, сағат 12.39-да болды. Технологиялық бұзушылық салдарынан 1958 жылы туған қазандықтың кезекші слесары қаза тапты. Тағы үш зардап шегуші Қарағанды қаласыные Х. Ж. Мақажанов атындағы клиниканың күйік бөліміне жатқызылды.

– Зардап шеккендер 1980 ж.т. қазандық цехының кезекші слесары, 1971 ж. т. қазандық машинисі және 1975 ж. т. отын-турбина цехының әйел машинисі. Жарақат алғандардың жағдайы тұрақты, – деді Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов.

Жылыту маусымы басталар алдында МАЭС паспорттық бақылаудан өтіп, жұмысқа дайын болды. Төтенше жағдай Абай мен Топардың жылу және электрмен жабдықталуына әсер еткен жоқ. Қазіргі уақытта «ГРЭС Топар» ЖШС-нің 30 адамы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын бастады.

– Станция штаттық режимде жұмыс істейді, жылу жүктемесін толық көтереді. Температура кестесі сыртқы ауаның берілген параметрлеріне сәйкес келеді. Жеткілікті отын қоры бар. Станция барлық функцияларды толық көлемде қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Қарағанды облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов.

Топар МАЭС-і «Kazakhmys Епегду» ЖШС-не тиесілі. Оның бас директоры Темірлан Өтегенов марқұмның отбасына, сондай-ақ барлық зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетілетініне сендірді.

Технологиялық бұзушылық фактісі бойынша энергия қадағалау департаменті, сондай-ақ басқа да құзыретті органдар қызметкерлерінің қатысуымен тергеу жүргізілетін болады. 10 жұмыс күні ішінде ТЖ себептері анықталуы тиіс.

Топардағы МАЭС Топар кентінің 105 үйі мен Абай қаласының 256 үйінің тұтынушылары үшін жылу және электр энергиясын беруді және бөлуді жүзеге асырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған