ТЖ енгізілуіне байланысты республикалық бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібі бекітілді

Осакаров ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты республикалық бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібі бекітілгенін хабарлайды.

2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғандағы кезеңге ставкаларға «0» түзету коэффициенті енгізілді.:

1) заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер және дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары бойынша мүлкіне салынатын салық;

2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері бойынша жер салығы;

3) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібімен жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің жеке табыс салығы.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары бойынша, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін барлық салықтар бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша өсімақы есептеу 2020 жылдың 15 тамызына дейін тоқтатылды және салық есептілігін тапсыру мерзімі 2020 жылдың 3 тоқсанына ауыстырылды.

Бұдан басқа, салық төлеушілердің барлық санаттары үшін есептілікті электрондық түрде ұсыну шартымен салық есептілігінің жылдық нысандарын табыс ету мерзімі 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылды.

Шағын және орта бизнес субъектілері үшін 2020 жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімге салық және әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша мерзімін ұзарту, сондай-ақ өндіріп алу тәсілдері мен шараларын қолдануды 2020 жылдың 1 маусымына дейін тоқтата тұру көзделген.

Осакаров ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған