Цифрлық телехабар таратуға қол жеткізді

Қазақстанда Аналогты теледидарды толығымен өшіре отырып, Цифрлық эфирлік телехабар таратуды енгізу бойынша жоба белсенді іске асырылуда. Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор «Қазтелерадио» АҚ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Радиотелевизиялық станцияларды салу және жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Бүгінгі таңда Осакаров ауданының төрт елді мекенінде цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату объектілері – Радиотелевизиялық станциялар (РТС) салынды.

Осакаров ауданында барлық РТС құрылысы 2018 – 2020 жылдар аралығында жүргізілді. Қазіргі уақытта жабдық техникалық сынақтардан өтіп, жұмысқа қосылды. Енді осы объектілерді өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау рәсімі жүзеге асырылуда. Осылайша, Радиотелевизиялық станциялар Осакаровка, Молодежный кенттері мен Пионер және Сұңқар ауылдарында пайдалануға берілді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің  «Ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-радио арналарының тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес еркін қолжетімді бағдарламалар пакетіне 11 мемлекеттік және коммерциялық телеарна кіреді. Жақын арада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өткізген конкурстың нәтижелері бойынша бағдарламалардың жаңа пакетін қалыптастыру күтілуде.

Жоғарыда көрсетілген РТС қамту аймағына Қарағанды облысының 25 елді мекені кіріп отыр. Айта кетейік, цифрлық эфирлік телехабар таратуды енгізу жобасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Баян Саркен

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған