Толғандырған сауалдарына жауап алды

Осакаров ауданының әкімі Нұркен Кобжанов Родников, Қаратомар, Мирный ауылдық округтеріне барып, жеке қабылдау өткізді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған шарада аудан әкімі, аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен бөлім басшылары тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Ауыл тұрғындары жауапты басшылармен кездесуінде көкейтесті сұрақтарын қойып, өтініш-тілектерін жеткізді, солардың қатарында ауылішілік жолдарды жөндеуді қаржыландыру, Родниковское ауылының орта мектебіне спортзал салу мәселесі, ауылдық клубты жөндеуге ақшалай қаражат бөлу, қосымша көше шамдарын орнату, ауылдық округте тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигонға рұқсат алу мәселелерін көтерді.
Аудан әкімі Нұркен Кобжановтың қабылдауында болған тұрғындар негізігінен тұрақты жұмысқа тұру, атаулы әлеуметтік көмек, ауыз сумен қамту жайын қозғады. Арасында қоғамдық мәселелерді көтерген азаматтар да болды.
Қаратомар және Мирный ауылдық округтерінің тұрғындары жолдарды жөндеу, көше шамдарын орнату бойынша өтініштерін жасады. Жаздағы ауыз су мәселесін көтерген олар жер учаскесін алу, жайылым жер, тағы басқа сұрақтарын қойды.
Өз кезегінде аудан басшысы тұрғындар сұрағына жауап берді. Барлығы заң аясында шешілуі қажет екендігін айтып, тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар берді.
Сержан Смаханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.