Тоғызқұмалақ дәрістері қашықтан оқытыла бастады

2020 жылдың 19 наурызынан бастап Осакаровка кентінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқытушы-жаттықтырушылары спорт сабақтарын қашықтан оқытуға көшті. Осакаровка кентінің БЖСМ оқытушы-жаттықтырушысы тоғызқұмалақтан қашықтан оқыту дәрістерін өткізіп, WhatsApp желісі арқылы спортшыларға әр түрлі тапсырмалар береді. Спортшылар тапсырманы орындағаны туралы видео немесе фотоға түсіріп жібереді.

Сонымен қатар Өміртай Тұңғышбай тоғызқұмалақ  үйрену сабақтарымен басқа да әлеуметтік желілері арқылы бөлісіп отырады.

-Телеарнадағы сабақтар 10 минут қана болады. Сондықтан оларды қосымша білім деуге болады. Оқушыға қалған бағыт-бағдарды біз беруіміз қажет”, – дейді Осакаровка кентіндегі БЖСМ директорының орынбасары Өміртай Тұңғышбай.

Спортпен айналысу – адамның рухани әлемі үшін де маңызды. Өйткені, әлсіз әрі қиындыққа көп ретте қарсы тұруға қауқары жетісе бермейтін жандарға спорт мамандары дене шынықтырумен шұғылдануға кеңес береді

Сержан Смаханұлы

.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған