Теміртау мен Ботақарада карантин жеңілдетілді

Қарағанды облысының Теміртау қаласында және Бұқар Жырау ауданының Ботақара кентінде карантиндік шаралар жеңілдетілді. 29 мамырдан бастап мұнда бірқатар нысандар жұмыстарын қайта бастай алады.

Кімдерге нысандарын ашуға рұқсат берілгені туралы Saryarqa телеарнасындағы брифингте Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров мәлім етті.

Теміртау мен Ботақара өз жұмысын қайта бастайды:
– спорт объектілері (бассейндерді қоспағанда), шұғылданушылар саны 30 адамнан аспайтын, жарыстар, бұқаралық іс-шаралар өткізбей және көрермендердің қатысуынсыз және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып ашылады;
– жұмыс тәртібі 17.00-ге дейін азық-түлік емес базарлар (ғимараттардан тыс);
– көшеден бөлек кіру/шығу және басқа объектілерден оқшауланған сауда-ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, бизнес-орталықтарда орналасқан, жалпы ауданы 2000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендер;
– балаларға арналған түзету объектілері (алдын ала жазылу бойынша);
– мәдениет объектілері (жеке және топтық дайындық 30 адамға дейін);
– моншалар, сауналар, спа-орталықтар;
– алаңы 2 000 шаршы метрден асатын объектілерде, бизнес-орталықтарда және басқа да объектілерде орналасқандарды қоспағанда, карантин кезеңінде осы аумақтарда қызметі рұқсат етілмеген кеңселер.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған