Танымал шоумен коронавирустан қалай сауыққаны туралы айтып берді

Белгілі қарағандылық шоумен Марат Оспанов жақында инфекциялық госпитальдан шығарылды. Дәрігерлер оның өмірі үшін шамамен бір ай бойы күресіп, емдеп шығарды. Оның өкпесі 90%-ға зақымданған болатын.

Марат Оспанов профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың инфекциялық госпиталіне шілде айының соңында түскен. Шамамен бір апта бойы ол өзін-өзі үйде жатып емдеп, бұл қарапайым суық деп ойлаған. Ол тұншыға бастағанда, әйелі жедел жәрдем шақырды. Компьютерлік томография өкпенің 90% зақымдануын көрсетті.

- Бұрын мен коронавирус туралы барлық ақпаратқа күмәнмен қарайтынмын. Аса сенген жоқпын. Мен өзіме барлық дәрі-дәрмектерді сатып алдым, үйде суық тиюден емделдім. Нәтижесінде ауруханада 16 күн жан сақтау бөлімінде, содан кейін тағы бір апта палатада жаттым. Егер дәрігерлер болмаса, мен аман қалмас едім. Бұл менің екінші туған күнім деуге болады, - деді Марат Оспанов.

Енді Маратқа ұзақ оңалту емі жүргізіледі. Ол тыныс алу гимнастикасын зерттеп үлгерді және мүмкіндік туған бетте вакцина алуға ниетті.

- Бейтаныс адамдар мен үшін қан тапсырды, әріптестер қаржылай көмектесті, туыстарым түнде дұға етті. Бұл жасалып жатқан жақсылық жүрегімді елжіретеді. Мен өз өмірімді қайта қарастырдым, - деп қосты Марат Оспанов. - Барлығын менің басымнан өткенді қайталамауға және дәрігерлердің ұсынымдарын орындауға шақырғым келеді. Енді вакцинация аурудың ағымын едәуір жеңілдететініне сенімдімін. Ауруханада болған кезде мен вакцинациядан кейін ауырған бірде-бір науқасты көрмедім.

Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың жұқпалы аурулар госпиталінің дәрігерлері сырқаттанушылықтың аздап төмендегенін атап өтті. Алайда босаңсуға әлі ерте, дейді олар. Дәрігерлер облыс тұрғындарын барлық шектеу нормаларын сақтауға және вакцина алуға шақырады.

Қарағанды облысының әкімдігі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.