Төтенше жағдайда пошта қалтқысыз қызмет істеп тұр

 Пандемияның таралуының қазіргі жағдайына байланысты көптеген зейнеткерлерде қолма-қол ақшаны алу туралы сұрақ туындап отыр. Осыған орай Қазпошта” АҚ аудандық пошта байланыс торабының бастығы  Саян Төлеуғазыұлы Төлеуғазиннен пошта қызметінің жай – жапсарын анықтауды жөн көрдік.

Зейнеткерлердің төлемдерді уақтылы алуы үшін зейнеткерлерді ағымдағы шоттардан төлем карточкаларына аудару жұмыстарын жүргізудеміз. Қазіргі уақытта біз егде жастағы азаматтармен телефон арқылы консультация өткізіп жатырмыз, оларға өтініштерді толтыру және карталарды қалай пайдалану керектігін түсіндірудеміз.

Карточка ала алмағандар үшін үйге зейнетақыны жеткізіп береміз. Бізде 80 жастан асқан және шалғай ауылдарда тұратын зейнеткерлерге зейнетақыларын үйге жеткізіп беру тәжірибесі бар.

Төлем карточкаларының көмегімен дүкендердегі тауарларға, дәрі-дәрмектерге ақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, post.kz порталында пошта қызметін алуға болады. «Қазпошта» мен Халық банкінің банкоматтарынан картадан ақшаны ақысыз алуға болады.

Пошта қызметінің жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, қаржылық қызметтер сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін іркіліссіз көрсетілуді. Банкомат жұмыс істеп тұр.  Клиенттердің 2 метр ара қашықтығын сақтай отырып, кезектегі адамдардың да ара қашықтығын бақылап отырамыз. Клиенттер электрондық талон алу арқылы кезекке тұрады.

Санитарлық ережелерге сай ғимаратта бір уақытта бірнеше адам болмауы тиіс, сондықтан клиенттер шұғыл көбейіп кетсе кезектерді арнайы сызықпен бөлу арқылы көшеге дейін созатын боламыз.

Сержан Смаханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған