Төтенше жағдай режимін бұзу

Осакаров аудандық сотының төрағасы Нұр Абылханов үш тұлғаға қатысты әкімшілік материалдарды қарады.

Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай режимін және Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 наурыздағы № 5 қаулысың бұзған азаматтар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің” 476 бабы 6 тармағымен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Екі адамға 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды және бір адамға 10 (он) тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

Осакаров аудандық сотының баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған