Тұрғындар қауіпсіздігі алдыңғы қатарда

Аудан əкімінің орынбасары Алма Шалабаева ТЖ бөлімінің басшысы, кенттер мен ауылдық округ əкімдерінің қатысуымен отырыс өткізді. Мұнда көктемгі су тасқыны қаупі кезінде елді мекендерден адамдарды эвакуациялау мəселесі қозғалды.

Көп жылдық бақылаулардан белгілі болғандай, Осакаров ауданының 12 елді мекеніндесу басу ықтималдығыбар. Жуантөбе, Сельстрой, Қарағайлы, Николаевка, Сарыөзен, Батпақ, Ақпан, Центральный, Сарыөзек, Колхозное, Садовое, Тельман жəне Пионер ауылдары қатерлі аумақтар қатарында тұр. Бұл елді мекендер өзеннің сағасында немесе өзен бойында орналасқан. Сол себепті еріген қар суының қарқынды келуі жəне мұз жүру кептелісінің пайда болуы нəтижесінде өзен арнасынан судың жағалауға шығуы ауылдарға қауіп төндіреді.

Аудан əкімінің орынбасары көктемгісу тасқыны кезеңіне дайындық барысы аудан əкімінің қатаң бақылауында тұрғанын айтты. Ол тұрғындардың қауіпсіздігі алдыңғы қатарда екенін жəне су жайылуы ықтимал елді мекендерде эвакуациялау жағдайын пысықтады. Эвакуацияланған халықты қабылдау пункті жəне ондағы көрсетілетін медициналық көмек, ыстық тамақпен қамтамасыз ету, жатын орын, тағы басқа шаралар назардан тыс қалмау керектігін басып айтты.

Алма Қабыкенқызы маусымдық жағдайға асқан жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Г. Сембайқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған