Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған мезеттен бастап 1993 жылғы қарашада Ұлттық валютаны айналымға енгізді. Араға бес жыл салып,  ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады. Қазіргі таңда қоғамымызға қауір төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың табысы азайып, экономиканы қолдауға бағытталған қаржыны жымқыру тәуекелі артқан пандемия кезінде де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажеттігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – Еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі болғандықтан экономикалық, құқықтық және басқа да шаралар қолданылуда.

Президент Жолдауында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттілігін атап көрсетті. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің нәтижесі бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты болмақ. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетпен күресте әлеуметтік желі жалпы жұртшылықтың қуатты құралына айнала бастады. Онымен қоса қоғамдық кеңестердің құрамына түрлі әлеуметтік топ өкілдерін кеңінен тарту арқылы Жергілікті маңызы бар міндеттер шешімін таппақ.

Заузат Тажкеева,

Аудандық Қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған