Смоленск түбінде қаза болған қарағандылық солдатты отанына алып келіп жерледі

Соңғы солдат жерленгенше соғыс аяқталмайды… Қызыл әскер сарбазы Медет Аманжоловтың туғандары 78 жыл бойы оның денесі қай жерде жерленгенін білмеген еді. Смоленск түбіндегі шайқаста қаза тапқан сарбаздың сүйегі 2020 жылдың 24 мамырында туған жері Ағадырға жеткізіліп, қайта жерленді.

Ағадырда Шет ауданы әкімдігімен Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған солдатты еске алу шарасы мен қазалы митинг ұйымдастырылды. Оған Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров, Қарағанды облысы қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары подполковник Мұхтар Қайшатаев, сондай-ақ Медет Аманжоловтың туған-туыстары қатысты.
Жиналған қауым бір минут үнсіздікпен фашизммен шайқаста қаза тапқандарды еске алды, содан кейін ауаға дәстүрге сай, үш оқ ату жүзеге асырылды.

– Біз денені іздеуге қатысқан барлық адамдарға, оны отанына қайтаруға және абыроймен қайта жерлеуге көмек көрсеткендерге алғыс айтамыз. Кеше ағасы туған жеріне алып келді. Оның сүйегі жақсы сақталған. Бір түн оны үйңнде түнетіп, кейін біз оның сүйектерін мешітке апарып, кеше Медетті әкесімен және ағасының жанына апарып жерледік. Оның соңынан балалары қалмады. Ағамыз біздің бейбіт өміріміз үшін қаза тапты, – деді солдат Аманжолов.

Естеріңізге сала кетейік, Смоленск облысы Темкин ауданының аумағында іздеу-барлау іс-шараларын жүргізу кезінде «Тризна» іздеу бірлестігі» АЖҚҰ жауынгерлері 1917 жылы туған, Қарағанды облысы Шет ауданы Жастерек ауылының тумасы Медет Аманжоловтың сүйегін тапқан болатын. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, 9 мамыр күні әскери борт 1942 жылы қаза тапқан сарбаздың мәйітін Нұр-Сұлтан авиациялық базасына жеткізді. 23 мамыр күні Медет Аманжоловтың сүйектерін туысқандарына табыс етті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған