Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қарағанды облысының мұражайлары қандай іс-шаралар дайындауда

Биыл саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні онлайн режимінде өтеді. Облыс тұрғындарын виртуалды экскурсияларға, талқылауларға және викториналарға қатысуға шақырады.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Қазақстанда 31 мамырда атап өтіледі. Осы күнге орай облыстың барлық мұражайлары ерекше бағдарлама дайындауда.

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы қуғын-сүргінге ұшыраған суретшілер, Гулагта жазасын өтеген азаматтардың жұмыстарынан құралған онлайн-көрмесін өткізеді.

Мұражай қорында 1 200 – ден астам жұмыс-кескіндеме, графика және мүсін сақталған.

– Сондай-ақ бізде сол кездегі фотосуреттер, хаттар, кітаптар бар. Осының барлығын біз зерттейміз, біздің келушілерге сол сұрапыл кезеңдер туралы ақпарат беру үшін зерттеулер жүргіземіз, – дейді мұражайдың ғылыми қызметкері Айгүл Омарова.

Виртуалды экскурсияны музейдің Instagram – дағы парақшасынан көруге болады – @karaganda_muzei_izo. Қуғын-сүргінге ұшыраған суретшілердің жұмыстарына арналған бейнелер циклін 24 мамырда жариялай бастады. 31 мамырда аяқталады.

Н. В. Гоголь атындағы кітапхана «Тарих шындығы: оқиғалар, тағдырлар» тақырыбында тікелей эфир өткізеді. Оны 29 мамырда Instagram-дағы Karlib.kz кітапхана парақшасынан көруге болады.

Долинкадағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен дәстүрлі кездесуді офлайн өткізу туралы шешім қабылданды. Бас қосуға Қарлагта жазасын өтегендердің 15-тен астам балалары мен немерелері шақырылады. Кездесу және гүл қою рәсімі кезінде барлық санитарлық талаптар сақталады.

Облыстың басқа мұражайлары сталиндік қуғын-сүргінге және аштық кезеңіне арналған онлайн-дөңгелек үстелдер, виртуалды көрмелер мен әңгімелер өткізеді. Іс-шаралар Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Оскар және Нұра тарихи-өлкетану мұражайларында, Шет ауданының этнографиялық мұражайында, Абай атындағы балалар кітапханасында және Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағатында өтеді.

Айтулы күнге дайындалдық сондай-ақ өңіріміздің оқу орындарында өтуде.

– Мектептерде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған 500-ден астам шара өтті. Сәтбаев мектептерінің арасында «Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» онлайн-челленджі өтеді. Облыстың барлық мектептерінде «Өткенге құрмет – мәңгілік міндет» акциясы өтті. Іс-шараға 50 мыңнан астам оқушы қатысты. Балалардың барлық жұмыстарын мектептердің әлеуметтік желілеріндегі сайттардан және парақшалардан көруге болады, – деді Қарағанды облысы Білім басқармасының бас маманы Шолпан Сыздықова.

Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясының оқушылары қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың шығармаларын қалай оқығанын келесі сілтеме бойынша көруге және естуге болады: https://m.facebook.com/story.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған