Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

 

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым етуге аудан әкімін Нұркен Кобжанов, аудандық мәслихат хатшысы Қанат Саққұлақов, репрессия құрбандарының ұрпақтары кенттегі Мемориалдық кешенге барып, гүл шоқтарын қойды.

Өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде Осакаров ауданына 30 мыңнан астам отбасы қоныс аударылып, 12 нөмірленген арнайы елді мекенге құрылды.  Саябақтағы кешенде әр мекеннің қоныстанушыларына арналған ескерткіш тақта орнатылған.

Тоталитаризмнен зардап шеккен ұлт өкілдері үшін Осакаров ауданы құтты мекенге айналды. Бүгінде олардың ұрпақтары өсіп-өніп, бірлік пен татулықта өмір сүруде.

Тарихқа шегініс жасасақ, өткен ғасырда елімізде ауыр нәубет үш бірдей ашаршылықты бастан кешті. Халық қамын жеген, Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлер тұтқындалды. Ұлт қайраткерлеріне «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылып, түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. «Халық жауы», «ұлтшыл», т.б. желеумен қазақ зиялылары, қарапайым еңбек адамдары да жазықсыз саясаттың құрбаны болды.

Халқымыз  аштық нәубеті мен саяси қуғын-сүргін қасіретін басынан өткерсе де, тағдыр тәлкегіне түскен халықтарға ең қиын сәттерде қол ұшын берді. Қазақ жеріне дүние-мүліксіз көшіп келген жандармен қолындағы соңғы нанымен бөлісіп, баға жетпес көмек көрсетті. Олар ездерінің ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалды, көпұлтты Қазақ өлкесінен өзіне лайыкты орын тапты.

Гүлім Сембай

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.