«Сарыарқа саңлағы» атты турнир өткізілді.

Осакаров ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен, жастар арасында азаматтық көзқарас және Қазақстандық патриотизм қалыптастыру, рухани – құндылықтарды дамытуға бағытталған пікірталас алаңдары, дебаттық турнирлерді жүйелі түрде өткізу арқылы Абай Құнанбаев, Әл-Фараби, тағы басқа ұлы ойшылдардың, қазақ халқының қоғам қайраткерлерінің мәдени мұраларын сақтау және арттыру түсу мақсатында, 2020 жылғы 5-наурызда жалпы білім беретін мектептер мен мамандандырылған мектеп-интернет оқушылары арасында «Сарыарқа саңлағы» облыстық жастар жобасын іске асырудың БІРІНШІ КЕЗЕҢІН аяқтау аясында облыстық пікір-сайыс Турнирінің аудандық кезеңі өткізілді.

Турнирге жалпы білім беру ұйымдарынан 9 мектептен 27 оқушы қатысты.
Қатысушы командалар арасынан облыстық кезеңіне қатысатын бірінші орын иеленген командалар анықталды. Орын алған:  Осакаровка к. №12 орта мектебі базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы) КММ-нің «Олимпия» командасы; Молодежный к. №23 орта мектебі базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы) КММ-нің «Өрлеу» командалары. Орын иеленген команда а.ж.14-наурыз күні облыстық кезеңге қатысатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған