Санитарлық нормалар сақталған

Осакаров аудандық «Nur Otan» партиясының филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы Осакаров ауданының прокуратурасы,  полиция бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі, ауданның тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен бірлесе отырып, Осакаровка кентінің азық-түлік дүкендеріне рейд өткізді.

Рейд барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің (19 атау) бағасын негізсіз көтеру анықталған жоқ, сондай-ақ дүкендерде әлеуметтік сөрелер бар. Санитарлық нормалар сақталған, сатушылар қолғап, бетперде киген. Сатып алушылар үшін арақашықтықты сақтау жолақтары белгіленген.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған