Сақтық шараларына үгіттеді

Аудан әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда «SARYBEL ERIKTILERI» ҚБ еріктілер штабы тұрғындарды коронавирустық инфекцияның алдын алу, сақтық шараларына үгіттеп, маскалар, парақшалар, буклеттер таратты. Карантиндік режимді сақтау қажеттілігі туралы жадынамалар тарату бойынша ауқымды акция кенттегі мәдени-демалыс орталығының алаңында, мәдениет және демалыс саябағында жалғасты. Аудан еріктілері кент тұрғындарымен бетперделік режимді сақтау, бетпердені дұрыс кию және пайдалану туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, оларға еріктілер тіккен бетперделерді таратты.

  • Біз жұмыстан қорықпаймыз, аға ұрпаққа қамқорлықты одан әрі жалғастыра береміз және жастарды қайырымдылық шараларына атсалысуға шақырамыз, – дейді «SARYBEL ERIKTILERI» ҚБ мүшелері.

Сержан Смаханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған