Сақтансаң сақтайды

Мен Сапаров Жұмағазы Саттарұлы – Осакаров ауданының Құрметті азаматы, әлемді шарлап жүрген COVID-19 кокроновирусы пондемия індеті жайында сіздерге айтарым және талабым:
Қазақстан төтенше жағдайды енгізген жалғыз мемлекет емес. Төтенше жағдай тәртібін АҚШ, Италия, Болгария, Сербия, Эстония, Румыния, Чехия және тағыда басқа елдерде енгізілген. Бір қатар мемлекеттер вирустың таралуы кең етек жайып және жаппай бақылаудан шыға бастаған кезде ғана төтенше жағдайды енгізуге мәжбүр болды.
Бұл ретте біздің билік жедел және ілгері әрекет етуде. Төтенше жағдай режимін енгізу бұл уақытша шара, ол ұзартылуы да мүмкін. Еліміздің әр саласында осы жағдайға байланысты  өте күрделі шаралар жүргізіліп, оған қаражат бөлініп жатыр. Осы індеттен арылу аясында, құрметті ағайындар, алға қойған талаптарды орындау баршамызға парыз.
Адам баласында «Сақтансаң сақтайды» деген ежелден келе жатқан ұғым осы жерде керек екені сөзіме айғақ. Бұл індетпен күресу әркімнің қолынан келері анық. Ол үшін алдымен тазалық сақтау, той томалақ дегенді тоқтату, көп адам жиналған жерден аулақ болу, балаларды көшеге шығармау, көбінесе отбасыңмен үйде оқшаулану.
Құрметті ағайын  бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып бірге жұмыла кірісіп, бұл індетті жеңуде Елбасы мен Мемлекет басшысының саясатын қолдап, бұл індеттен жасқаншақтық танытпай, бас көтеріп жұмыла күресуге шақырамын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған