Рухани келісім күні – халық бірлігінің белгісі

18-қазан елімізде Рухани келісім күні ретінде аталып өтіледі. Осы мерекеге орай аудандық тарихи – өлкетану музейінде бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен гүлдену мерекесінің арнайы қонағы ауданның бас имамы Яхиев Жоламан Әбілханұлынан сұхбат алған болатынбыз.

Жоламан Әбілханұлы, тұрақтылық пен татулық мерекесінің өзге ұлттар мен ұлыстар үшін маңызы қандай?

– Қасиетті кітабымыз Құ­ранда бірлік туралы бір­неше жерде баяндалған. Соң­ғы Пайғамбарымыз Мұ­хаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде де барша адамзаттың ауызбіршілігін уағыздаған. Жаратушы Иеміз «Әли Имран» сүресінде: «…Бө­лінбеңдер», деп әмір етсе, Оның Елшісі: «…Көп­ші­лікпен бірге болыңдар! Бө­лінуден сақтаныңдар», деп, жамағатты, барша адам баласын мейірімділікке, ортақ мақсатқа үндеген.

– Ауданымыздағы дінаралық қарым-қатынастың маңыздылығына тоқталып өтсеңіз?

– Діни қатынастардың барлық тіркелген субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асырады және бейбітшілік пен келісім, қоғамның дамуы, мемлекетті нығайту үшін қызмет етеді. Осакаров ауданының аумағында 56 ұлт өкілдері тұрады. Ислам дінінде бірнеше ұлт өкілдері құлшылық жасайды. Біздің мешітімізде бір емес, бірнеше ұлт өкілдері бірге сапта тұрып, құлшылық жасайды. Сол себептен, қайырымдылық пен көмекке шақыратын, сыйластық пен бірлікті арттыратын мерекенің жамағат арасындағы қарым-қатынасты өте ынтымақта нығайта түсетініне күмән тудырмайды.

– «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарымыздың бәрі кінәлі» деген ұлағатты сөзін қалай түсінесіз?

– Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) – «Мұсылман мұсылманның айнасы және мұсылман мұсылманға бауыр» дейді. Қазақта жақсы сөз бар. «Досыңды көрсет, кім екеніңді айтайын». Адам жаман болмайды. Адамды жаман қылатын орта. Бір адамды жаман деуге шариғатта тыйым салынған. Сондықтан бір адам жаман болмайды, ол адам жаман болуына бәріміз атсалысамыз.

-Ұлтаралық татулықтың кілті неде деп ойлайсыз?

– Ұлтаралық татулықтың кілті ол жүректегі Иманда. Күллі адамзат баласы бір нәрсеге ғана сенеді. Ол – Құдай. Алла дейміз, Құдай дейміз, әр ұлт өз тілінде айтады. Бірақ, бәрі бір жаратушыға сенетіні хақ. Осы сенімде өзінің жалғыз ғана қара басын ғана ойламайтын болатын болса, міне осы жағдайға ғана сенім болады. Ал егер әр адам жеке қара басын ойлайтын болса, ол сайтаннан. Сондықтан жаратушы иеміздің үндейтіні, бір болу, бірге болу, тату болу және бір – бірімен әрбір жағдайда келісу.

-Как вы видите мирное взаимоотношение с другими конфессиями?

-Вера одна. Каждая конфессия толкует по своему. Поэтому когда вера одна, здесь не могут быть разногласия.

– На фоне происшествий в мире в этом году, какое мнение имеетте вы ко всему происходящему, как представитель ислама?

–  Новый вид вируса COVID-2019 был зафиксирован в декабре прошлого года в Китае в городе Ухань и адаптировался для передачи между людьми. Сегодня во всем мире борются с этим заболеванием. Здесь мы едины. Ислам совместно с другими конфессиями друг-другу помогаем. Призываем защищаться от этого вируса.  Никто не остался в стороне!

– Ұлт тұтастығына қауіп неде?

  • Ұлт тұтастығына қауіп бұл – ұлтшылдық болып табылады. Алла тағаланың алдында қай дінде болмасын «ұлт» деген насихат жоқ. Ұлтты, Отанды сүю керек. Ол парыз. Бірақ қандай дін өкілі болмасын қарым-қатынаста мейірімді болу міндет. Әр ұлт қиын кездерде бір – біріне қол ұшын берген. Ұлт арасында және дін арасында іріткі салушы тек қана жеке мүддесін ойлайтын адамдардан ғана туындайды.

 

  • Жоламан Әбілханұлы, тұрақтылық пен татулық мерекесінің өзге ұлттар мен ұлыстар үшін маңыздылығын ашып, екі тілде нақты жауаптар бергеніңіз үшін рахмет айтамыз.

 

Сұхбатты ұйымдастырған: Жазира Шойымбаева,

Тарихи – өлкетану музейінің экскурсоводы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған