Құрметті ұстаздар, тәрбиешілер, педагогикалық еңбек ардагерлері!

Жыл сайын дәстүрлі мерекемізді қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтеміз. Құрметті ұстаздарымыз тәрбиешілер, педагогикалық еңбек ардагерлерінің арқасында біз тек білім мен мамандық алып қана қоймай, мектепте достық пен келісімде силастықты үйрендік. Өмірде еңбекпен шыңдалып, тәртіптілік пен жауапкершілікте тәрбиелендік.

Жеке тұлғаны қалыптастыруға және адамдардың азаматтық жауапкершілігін тәрбиелеуге мұғалімдердің қосқан үлесі баға жетпес. Тек жоғары білімді ұлт қана біздің мемлекетімізді дамыған және бәсекеге қабілетті ете алады. Сондықтан білім беруді дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі болып табылады, ал мұғалімнің мәртебесін, мұғалім еңбегінің беделін арттыру қоғамның маңызды міндеті болып табылады.

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – демекші, ұстаздық мәртебелі мамандық мектебінен өткен хан да, қарапайым адам да өмірге жолдама алады.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға келіп, ұстаздық жолын таңдаған жастар  бізді сөзсіз қуантады.

Мұғалімге құрмет көрсету арқылы біз білімді терең меңгеріп, ғылымды игеруге жол ашамыз. Алғаш әріп танытып, өмір үйреткен ұстаздарға алғысымыз шексіз, шәкірттік шынайы ықыласымызбен баршаңызды мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Біліммен баулып, биікке ұшыратын оқушыларыңыздың оқуда озат, өмірде патриот болуына тілектеспіз!

Мәртебелеріңіз асқақтап, абыройларыңыз арта берсін! Отбасыларыңызға есендік, телегей табыс, зор денсаулық тілейміз!  Еліміздің ертеңі нұрлы, аспаны ашық болсын!

Нұркен Кобжанов,

Осакаров ауданының әкімі

Қанат Саққұлақов,

аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған