Құрметті полиция қызметкерлері!

Құрметті полиция қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн қазақстандық полицияны құрған ардагерлер мен оның қатарында еңбек ететін қызметкерлердің еңбектерін бағалап, алғысқа бөлеп,  ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында құрбан болған тәртіп сақшыларын еске алатын күн десек артық айтқандық емес.

Ішкі істер органдары – еліміздің ең ірі, көп құрылымды, қазақстандықтардың құқығын қорғап, қылмыспен күресетін, тәртіпті қамтамасыз ететін ұйым.

Сақшы қызметінің қаншалықты қиын және қауіпті екенін, қандай жауапкершілік пен жинақылықты талап ететінін білеміз.

Полиция қызметкері парасатты, заңды қатаң сақтайтын, барлық мемлекеттік құрылымдармен және жұртшылықпен тығыз ынтымақтастықта болып, тәртіпсіздік, қатыгездік, бұзақылыққа тойтарыс беруге кез келген уақытта дайын болуға тиіс.

Сала ардагерлеріне, қауіпке бас тіккен қаһармандарға әрдайым халықтың алғысы зор.

Ауданымыздағы полиция қызметкерлері де аудан тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігіне қызмет жасап, аянбай еңбек етіп келеді әрі осы бағытта бұл жұмыс жүйелі түрде жалғасады деген сенімдеміз.

Төл мерекелеріңіз құтты болсын!  Ел қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қалыптастыру, оны сақтау жолындағы жанкешті еңбектеріңізге табыс тілейміз!  Отбасыларыңыз аман болып, шаңырақтарыңыз берекеге толсын!

Нұркен Кобжанов,

Осакаров ауданының әкімі

Қанат Саққұлақов,

аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған