Құрметті Осакаров ауданының тұрғындары! Құрметті соғыс және еңбек ардагерлері, қадірлі зейнеткерлер!

Сіздерді келе жатқан Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімі бойынша ол бүкіл әлемде 1 қазанда атап өтіледі және ұрпақтардың бірлігі мен сабақтастығын, аға буын еңбегін құрметтеуді және насихаттауды басты мақсатына алады.

Қарт адамдарға қамқорлық жасау біздің еліміздегі әлеуметтік саясаттың маңызды бағыты болып табылады және дәстүрлі түрде сақталып қала береді. Жыл сайын зейнеткерлерді қолдау бойынша кешенді шаралар іске асырылуда. Аға буын өкілдері ерекше құрметке ие. Олардың өмірлік тәжірибесі, даналығы, табандылығы мен оптимизмі өскелең ұрпақ пен жастарға үлгі болады.

Сіздердің көпшілігіңіз қиын заман ауыртпашылығымен соғысты, әскери жорықтарды және соғыстан кейінгі балалық шақты, қуғын-сүргінді бастан өткердіңіздер. Барлық сынақтардан табандылықпен өтіп, өміршеңдік пен мейірімділікті сақтай отырып, Сіздер ел игілігі үшін жанқиярлықпен жұмыс істедіңіз. Бұл үшін Сізге мың тағзым етеміз!

Енді біздің борышымыз – қартқа қолдау көрсету, қамқорлық пен назар аудару, лайықты қарттықты қамтамасыз ету. Осы жарқын мерекеде Сіздердің әрқайсыларыңыз өз туыстарыңыз бен жақындарыңыздан, сондай-ақ бұрынғы әріптестеріңізден, көршілеріңізден, ауылдастарыңыздан да мейірімділік пен көңіл аударарлық қошеметке бөлене алады деп үміттенеміз.

Мықты денсаулық, қуанышты сәттер және бақытты күндер тілейміз. Әрқашан жастық қалыптағы жігерлі, сергек, өмірге құштар сәтеріңізде әдемі қартайыңыздар.

Нұркен Кобжанов,

Осакаров ауданының әкімі

Қанат Саққұлақов,

аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған