Құрметті Осакаров ауданының тұрғындары!

2020 жыл біз үшін екі маңызды оқиғамен – Осакаров ауданының 80 жылдығымен және Осакаровка кентінің 110 жылдығымен есте қалатын болады.

Ауданның да, кенттің де тарихи тағдыры оңай болған жоқ. Кеңес Одағының әр түкпірінен қуғын-сүргінге ұшыраған ондаған мың адамдар Сарыбелдің даласында баспана тұрғызып,  жаңа өмірге бейімделе бастады. Егін егіп, отбасын құрды, балаларды дүниеге әкелді. Олардың көпшілігі үшін Осакаров жері екінші Отаны болып қалыптасты. Ұлы Отан соғысы кезінде  майданға аттанды, ал олардың отбасылары тылда еңбек етуді жалғастырды. Қиындықтарда шынығып, бір отбасындай ең жоғары мақсаттарға жұмылды.

Сексен жылда біздің ауданымыз нығайып, облыстың ірі ауыл шаруашылығы өндірушілерінің біріне айналды. Агроөнеркәсіп кешені, өнеркәсіп кәсіпорындары табысты жұмыс істеуде, шағын және орта бизнес дамуда. Ауданда тұрғындардың сапалы тіршілікті қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда. Мұның бәрі – біздің ортақ жетістіктеріміз. Бірлікке, татулыққа бастайтын шынайы ризашылығымыз болып табылады.

Өткен жыл да – аудан тарихында лайықты орынын алған бір белесіміз саналады. Жаңа жылды лайықты табыстармен қарсы ала отырып, аудан тұрғындарына шын жүректен зор денсаулық, бақыт, амандық және оптимизм тілейміз. Ортақ күш-жігерімізбен бұдан да зор табыстарға жетіп, ауданымыздың даңқын арттыра беретін боламыз.

Нұркен Кобжанов,

Осакаров ауданының әкімі

Қанат Саққұлақов,

аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған