Құрметті Осакаров ауданының  тұрғындары!

Сіздерді ең басты ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн жаңа Қазақстанның, Отанымыздың егемендік алуы және өз тағдырын өзі шешу құқығына ие болу мерекесінде туған жердің бостандығы үшін болған жанкешті  күресте қазақ халқының өмір сүру құқығын қорғағандардың қасиетті естелігін құрметтейміз. Ұлттық батырларға, көрнекті мемлекет қайраткерлеріне, қазақ жерінің қайраткер ұлдары мен қыздарына – өз Отанының бостандығы үшін күрескендерге құрмет көрсетеміз. Бұл мереке көпэтносты халықты біріктіретін, біздің ұлттық рухымызды және Тәуелсіз еліміздің дәстүрлерін қалыптастыратын ұлы мереке.

29 жыл бұрын Қазақстан Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен егеменді демократиялық мемлекет құру жолына түсті. Осы жылдар ішінде ол қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірде айтарлықтай биіктерге жетті, әлемдік қоғамдастықтың мойындауына ие болды және дербес  мемлекет ретіндегі лайықты орнын алды. Бүгінде Қазақстан бүкіл әлемге этносаралық және конфессияаралық толеранттылықтың бірегей үлгісін қалыптастырған бейбітсүйгіш ел ретінде танымал және посткеңестік кеңістіктегі ең табысты мемлекет деп танылды.

Бұл, әрине, Қазақстанның жеңісі, Елбасымыздың еңбегі, барша қазақстандықтардың жасампаз еңбегінің жемісі. Мұндай жетістіктер бізге өз елімізді мақтан етуге құқық береді және болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді.

Тәуелсіздік күні қарсаңында ауданның барлық еңбеккерлеріне, еңбек ардагерлеріне еліміздің жалпы табысына қосқан үлестеріңіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Сіздерге зор денсаулық, бірлік, бейбітшілік және ұлы шаңырақтың астында амандық тілейміз. Бұл мереке Сізге барлық мақсаттарыңызға жетуге күш пен сенімділік берсін. Біздің Тәуелсіз Қазақстан дамып, нығая берсін!

Нұркен Кобжанов,

Осакаров ауданының әкімі

Қанат Саққұлақов,

аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған