Құрметті Осакаров ауданының тұрғындары!

Құрметті Осакаров ауданының тұрғындары!

Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесіне 10 тамыз Абай күні болып енгізілді. Халқымыз үшін бұл мерекенің бекітілуі – Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдық мерейтойына үлкен сый болды. Даналығымен, даралығымен әлем халықтарына әйгілі ұлы ақынды ерекше құрметтеу баршамызға бұлжымас парыз.
Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын, ойшыл, саяси қайраткер және еліміздің тарихында үлкен із қалдырған біртуар тұлға. Ол әдебиеттің дамуына ғана емес, сонымен бірге Қазақстан, Ресей және басқа да Еуропа елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосты, Батыс пен Шығыс мәдениеттерін шебер ұштастыра білді.
Қазақ поэзиясын биік шыңға көтерген құдіретті ақынның туындылары – мәңгілік мұра. Оның жүрек шерімен жазған тағылымы – қымбат қазына. Әлем халқы бас иген дара тұлғаның кейінгі жастарға айтқан өсиет сөздерінің тәрбиелік мәні зор. Абйдың қай өлеңі немесе қара сөзін алсаңыз да жастарды өнегелі болуға, білімге, атаның баласы болмай, адамның баласы болуға шақырады.
«Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді». Бақытты жарқын өмірді аңсап, ұрпақтарының жан-жақты сауатты болуын қалаған кемеңгер болашаққа өзінің ғибратты сөздерін қалдырды.

Құрметті жерлестер!

Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Абайы бар елдің мерейі үстем. Абайдың әрбір сөзінен өнеге алып жарқын болашаққа ұмтылайық.
Осындай жарқын мерекеде еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған