Құрметті Осакаров ауданының тұрғындары!

11 мамырдан бастап елде төтенше жағдай кви-ға байланысты 16 наурызда енгізілген режим жойылады. Алайда, бұл карантиндік шектеулерді алып тастау дегенді білдірмейді. Карантин әлі де қауіпті аурудың таралуына байланысты күшінде қалады. Нұр-сұлтан қаласының, Ақмола облысының, Қарағанды қаласының  және Қарағанды облысының аумағы бойынша орнатылған блок-бекеттері жұмысын жалғастырады. Бұл танымал шара емес екендігі түсінікті. Әйтсе де, азаматтар мен жол көлігі қозғалысы бойынша енгізілген шектеулердің, бетперделер мен қолғаптарды киіп жүру міндеттерінің, ара қашықтық тәртібін сақтау, басқа да шектеулердің  жүйелі шараларының арқасында біз коронавирусты жаппай жұқтырудан құтылуға қол жеткіздік.

Аудан тұрғындарына сабырлылық танытып, қозғалысты шектеуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Осының барлығы қауіпті вирустың таралуының алдын алуға, жақындарымыздың денсаулығын, кей жағдайда өміріне деген қауіпсіздігін сақтап қалу үшін қолданылуда.

Дендеріңізге саулық тілейміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған