Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесі ұзақ қалыптасу жолынан өтті. Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіздігінің құрылуы мен нығаюына қосылған елеулі үлестерімізбен  мақтануымызға  құқығымыз бар. Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады.

Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және олардың болашағын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы үшін жауапкершілік мемлекеттік қызметшілерге артылады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, азаматтардың өмір сүру сапасы мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысына байланысты болғандықтан Қазақстанның игілігі жолындағы жауапты жұмыста мемлекеттік қызметшілер халқына мүлтіксіз қызмет жасауы керектігіне ерекше көңіл бөліп отыр .

Жүктелген міндеттердің жауапкершілігін түсіне отырып, біздің ауданның мемлекеттік қызметкерлерінің көпшілігі өздерінің қызметтік міндеттерін лайықты орындап келе жатыр.

Шын жүректен Сіздерге зор денсаулық, отбасына амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!

Мемлекет басшысының командасында қызмет атқару  құрметіне лайық болайық. Қазақстанның өркендеуіне және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға барынша үлесімізді қоса берейік!

 

Нұркен Кобжанов,

Осакаров ауданының әкімі

Қанат Саққұлақов,

аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған