Құрметті медицина қызметкерлері!

Құрметті медицина қызметкерлері!

кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Медицина қызметкері болу мәртебелі әрі жауапты мамандық екені белгілі. Халықпен біте қайнасып қызмет жасап, дертке шипа, денге саулық сыйлайтын ардақты мамандық иелеріне артылып отырған жүк те осал емес.  Халықтың денсаулығын сақтау мемлекеттік саясаттың басты бағыты болғандықтан медициналық қызметтің қолжетімді әрі сапалы болуы, салауатты өмір салтын ілгерілету адам әлеуетінің деңгейін арттырудың маңызды бағыты болып табылады.

Ауданымызда бірқатар медициналық пункт, дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік – акушерлік пункттер ашылып,  тұрғындар жемісін көріп отыр.  Айта кетерлік жайт,  жедел жәрдем көліктері де жаңаланып, соңғы медициналық жабдықтармен жарақтандыру қолға алынуда. Мұның барлығы ел игілігіне арналған істер.

«Бірінші байлық – денсаулық» деп дана халқымыздың сөзі бекер айтылмаған.  Ауырсақ тәнімізді емдеп, жанымызға шипа сыйлайтын дәрігерлер құрмет тұтуға лайықты жандар. Олардың тәулік бойы көз ілмей, тәуекелге  бел буып, тынымсыз кешетін тірлігін жанкештілік  деп бағалау керек.

Біз денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне, ауданның медицина қызметкерлеріне олардың жоғары кәсібилігі және өз кәсібіне адалдығы үшін, өз міндеттерін жақсы түсініп, кәсіби шеберлігін жан-жақты игергені үшін зор ризашылығымызды білдіреміз.

Мемлекеттің ел медицинасына көрсетер қолдауы  зор болғандықтан дәрігерлердің мәртебесін көтеріп, өз кезегінде денсаулық сақтау мамандары да азаматтарға  сауатты, сапалы қызмет көрсетуін жалғастыра беретін болады.

Төгілген тер, танытқан төзімдеріңізге алғыс айтамыз. Алдағы уақытта да көптің ризашылығына  бөленіп, ел өмірінің жақсаруына өз үлестеріңізді қоса берулеріңізге тілектеспіз! Шипалы қолдарыңыздан емін тапқан азаматтар көп болсын! Отбасыларыңызға, өздеріңізге амандық, саулық тілейміз!

Нұркен Кобжанов,

Осакаров ауданының әкімі

Қанат Саққұлақов,

аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған