Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің еңбектеріңіз  еліміздегі әлеуметтік саясатты оңтайлы жүзеге асыруға мүмкіндік беруде. Бұл да адам құқықтары мен қоғамдық тұрақтылықтың сақталуының бір  көрінісі. Әлеуметтік сала қызметкерлерінің үкіметтің отбасылық құндылықтарды дамыту және қорғау бағытында жүргізіп отырған саясаты мен оның нақты жемісін қарапайым халыққа жеткізудегі маңызы ерекше. Аталған саланың басты құндылығы – кәсіби деңгейі жоғары,  адамгершілік ізгі қасиеттерді бойына сіңіре білген қызметкерлердің  көмекке зәру  қарттарға, асыраушысы жоқтар мен қимыл қозғалысы шектеулі жандарға қол ұшын созуға әрқашан әзір болуы.

Адамдар бойындағы  сенім, мейірім мен әділеттілік қасиеттерін одан әрі нығайтудың маңызы зор.  Әлеуметтік қорғау қызметкерлері көмекке мұқтаж адамдардың проблемаларын өз мойнына алып, олардың өмірін жеңілдетеді, тұрмыстық мәселелерді шешуге көмектеседі және сонымен бірге өз қамқорлығындағы адамдарға жылулық пен мейірімділік сыйлап, болашаққа деген сенімін арттырады.

Еңбекқор, шынайы, мейірімді , жанашыр мамандарға кәсіби мереке күні зор денсаулық, рух күші мен оптимизм тілейміз.

Қиын да  қажетті мамандық иелеріне шын көңілден шексіз ризашылығымызды білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. Ел игілігі жолында жаңа табыстарға жете беріңіздер!

Нұркен Кобжанов,

Осакаров ауданының әкімі

Қанат Саққұлақов,

аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған