Құрметті азаматтық қорғау қызметтерінің қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құтқарушы күнімен құттықтаймыз!

Құтқарушылар қиын, көп қырлы және тәуекелді жоғары кәсіби шеберлікті, терең теориялық білім мен практикалық дағдыларды ғана меңгеруі тиіс. Шексіз батылдық пен төтенше жағдайды тез бағдарлай білу, іс-әрекеттегі айқындылық пен парасаттылық, өз ісіне берілгендік құтқарушының басты міндеті болып табылады. Олар түрлі жағдайда адамдарды құтқарып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Кедергілерді жеңу барысында өз өміріне қауіп төндіре отырып, батыл қимылдау құтқарушының басты қағидасы.

Құтқарушылардың қажырлы еңбегінің арқасында біз кез-келген төтенше жағдай кезінде бізге құтқару қызметі қызметкерлері міндетті түрде көмектесетініне сенімділікпен өмір сүріп жатырмыз. Олар әрдайым толық дайындықта, жақсы физикалық формада және жауынгерлік рухта, еш күмәнданбай, көмекке келеді. Адамдардың қауіпсіздігі үшін құтқарушылар профилактикалық жұмыстарға көп көңіл бөледі, оларды қауіптен сақтандырады, төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін үйретеді. Бұл ескертулер адамдарға көбінесе өз өмірін және жәрдемге мұқтаж жандардың өмірін сақтауға көмектеседі.

Азаматтық қорғау қызметкерлеріне олардың адал жұмыстары үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Табиғи апаттар мен төтенше апаттарды ғана емес, жеке өмірлеріңіздегі кез-келген кедергілерді де оңай жеңуге тілектеспіз. Табыс, жанұяларына амандық және зор денсаулық тілейміз. Сіздердің ауыр еңбектеріңіз Сіздер құтқарған адамдардың алғыстарымен бағаланып, тағдыр тоғысында сәттілік әрдайым бірге жүрсін!

Нұркен Кобжанов,

Осакаров ауданының әкімі

Қанат Саққұлақов,

аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған